USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Азия даму банкінің жаңа директорын Мемлекет басшы қабылдады

  • 08.қазан.2021, 13:08,
  • 155

Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады.

Ақорданың мәліметінше, бейнебайланыс режимінде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Масацугу Асакаваны қаржы институтының басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, Азия даму банкінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.


"27 жыл ішіндегі ынтымақтастық аясында Азия даму банкі Қазақстанның экономикасына 6 миллиард долларға жуық инвестиция құйды. Бұл қаржы айтарлықтай қомақты және ынтымақтастығымыздың табысты дамығанын айғақтайды. Арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және ұзақмерзімді әрі өзара тиімді байланыстарды қолдауға ниеттіміз", – деді Мемлекет басшысы.


Сондай-ақ кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы серіктестіктің жаңа Стратегиясын әзірлеу мәселесіне ерекше мән берілді.


"Азия даму банкінің Қазақстанға қатысты жаңа Стратегиясында біздің ұлттық басымдықтарымыз бен жоспарларымыз, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, экономиканы әртараптандыру және жасыл экономикалық өсім, теңгерімді аумақтық даму, сауда-экономикалық ынтымақтастық, цифрландыру мәселелері толық ескерілетініне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Қазақстан Президенті Азия даму банкінің басшысына еліміздегі ішкі жалпы өнім деңгейінің артқаны, инфляцияға қарсы қабылданған шаралар, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, шағын және орта бизнеске көрсетіліп отырған қолдау шаралары туралы айтты.

Өз кезегінде Масацугу Асакава Қазақстандағы пандемияға қарсы қабылданған шараларға оң баға берді.


"COVID-19 індетіне қарсы бағытталған күш-жігерлеріңіз туралы хабардармын. Үкіметтеріңіз белсенді шараларды жүзеге асырып, вирустың өршуін тежеу үшін нақты шешімдер қабылдап отыр. Ел экономикасына және халықтың әл-ауқатына кері әсер еткен пандемияның салдарын жеңілдету мақсатында ішкі жалпы өнімнің 9,5 пайыз көлеміндегі дағдарысқа қарсы шаралардың ауқымды пакетін қабылдағаныңызды қолдаймыз", – деді Азия даму банкінің басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.08.2021
26.06.2020
15.11.2019
02.10.2019
30.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031