USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Әлеуметтік әмиян" 2022 жылдың соңына дейін іске қосылады

  • 21.қазан.2021, 10:43,
  • 334

ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов "әлеуметтік әмиянды" енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты. 

Министр атап өткендей, 2021 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды - банктерді қосу және "әлеуметтік әмиянды" іске қосу арқылы жедел төлемдер жүйесін дайындау жоспарлануда.

Жобаны тестілеуді бастау үшін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді әлеуметтік әмиянға кезең-кезеңімен аудару алгоритмін әзірлеу қажет.

Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, цифрлық әмиянды іске асырудың келесі кезеңдеріне арналған жоспарлар туралы хабарлады.

Осылайша, 2022 жылдың соңына дейін "әлеуметтік әмиянды" өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және жаңа сервистерді енгізу жоспарланған (жеке кабинеттің функцияларын кеңейту, түрлі интернет-дүкендерге қосылу және т.б.).

Ал 2023-2024 жылдар аралығында Министрлік цифрлық әмиянды Ұлттық тауар өткізу жүйесімен біріктіруді, сондай-ақ "Әлеуметтік әмиянға" аударылатын әлеуметтік төлемдердің түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.



#әлеуметтікәмиян #жоба #төлем #экономика #БақытСұлтанов #Сауда #министр

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.09.2021
24.08.2021
24.08.2021
27.08.2021
08.07.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031