USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Jusan Bank Кселл акцияларын сатып алды

  • 30.қыркүйек.2021, 16:16,
  • 144

Jusan Bank қазақстанның қор биржасында (KASE) Kcell ұялы байланыс операторының бақыланбайтын акция пакетін сатып алды7

"Қазақстандағы жетекші Kcell ұялы байланыс операторының акциясын сатып алу қызметі жоғары технологиялық платформаларды дамытуға бағытталған Jusan компаниясы қаржылық тобының стратегияcына сәйкес келеді, - деп атап өтті Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Бұл іскерлік келісім мобильді және қаржылық технологияларды біріктіру арқылы клиенттермізге бұрынғыдан да қуатты цифрлық өнімдер мен сервисті ұсыну үшін Jusan экожүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады".


Акциялар еркін конкурстық негіздегі KASE ашық сауда-саттығында сатып алынды.


2020 жылдың қараша айында Tele2/Altel серіктестік құра отырып Jusan Bank елімізде алғаш болып виртуалды Jusan Mobile ұялы байланыс операторын іске қосқан болатын. Оның көмегімен ай сайын қолма-қол ақшасыз 50 мың теңгеден астам қаржыға төлем жасаған банк клиенттері ұялы байланыс және мобильді интернетті тегін пайдалана алады, сонымен бірге әртүрлі бейілдік бағдарламаларына қатыса алады.


Jusan Mobile желісіне Jusan мобильді қосымшасы көмегімен жаңа нөмір алу немесе бұрыннан бар нөмірді ауыстыру арқылы қосылуға болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.09.2021
06.09.2021
01.07.2021
18.03.2021
16.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930