USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Jusan Bank АТФ-ты қосып алу үрдісін аяқтады

  • 06.қыркүйек.2021, 12:28,
  • 144

Jusan Bank және АТФБанк табыстау актісіне қол қойды. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы түрінде АТФБанкті қайта ұйымдастыру шеңберінде тараптар қол қойған табыстау актісі АТФБанктің Jusan Bank-ке бүкіл мүлікті, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерін табыстауының заңды түрде ресімделуі болды.

Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2021 жылғы 3 қыркүйекте Jusan Bank және АТФБанк акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданды.


"Табыстау актісіне қол қою АТФБанк-тің Jusan Bank-ке қосылуы жолымен оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру процессін аяқтайды. Қайта ұйымдастыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қысқа мерзім ішінде тиімді түрде жүзеге асырылды. Екі банктің командалары АТФБанк клиенттерінің Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне ауысуы барынша жайлы болу үшін бар күшін салды", - дейді Jusan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.


Осылайша, Jusan Bank АТФБанктің серіктестер және клиенттер алдындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мирасқоры болды.


АТФБанк қызметін тоқтатудың келесі қадамы – банк лицензиясын тапсыру бойынша заң процедурасы.


Jusan Bank-пен бірігу нәтижесінде АТФБанк активтер және капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн.теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторындағы нарықтық үлестің шамамен 10%-ын құрайтын болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.08.2021
18.03.2021
16.03.2021
10.04.2020
26.06.2019
Jýsan Bank және First Heartland Bank бірікті

Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы сайтының хабарлауынша 2019 жылдың 27 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында "First Heartland Bank" АҚ-тың "First Heartland Jýsan Bank" АҚ-қа қосылуы туралы шешім қабылданды.

ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031