USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

30 қыркүйектен кейін ЕЭО мүше емес елдердің нөмерлі көліктермен жүруге тиым салынады

  • 29.қыркүйек.2021, 16:34,
  • 113

Бір жыл бұрын карантинге және шекараның жабық болуына байланысты ЕЭО-ға мүше емес елдерден әкелінген көлік иелеріне мұндай машинамен Қазақстанда 2021 жылы 31 наурызға дейін уақытша жүруге рұқсат берілді. Ал сәуірде мерзім 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Рұқсат мерзімі аяқталуға жақын. Енді шетелде тіркелген көліктерді кедендік баж салығын төлеп, біздің елде тіркеу керек немесе Қазақстан шекарасынан ғана емес, ЕЭО аумағынан шығару қажет. Кедендік талапты бұзғандарды полиция іздеп, көліктер айыптұраққа жіберіледі, ал иелері кедендік бажды толық төлеуге міндеттеледі. Kolesa.kz-ге ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, уақытша тұру мерзімі енді ұзартылмайды.


Кеденшілердің айтуынша, Қазақстан азаматтары Беларусь пен Ресейдің көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін ескермей, ЕЭО аумағында сенімхат арқылы пайдалана алады. Ал Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерді сенімхат арқылы басқаруға құқығы жоқ.


Елден шығару туралы міндеттеменің Қазақстанда уақытша тіркелген армениялық автокөліктерге (А сериялы сары нөмір) қатысы жоқ.


Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша, 2020 жылы наурыздан бастап (елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері) Қазақстанға 4 708 шетелдік автокөлік уақытша кіргізілген, қазір олардың 500-і бақылауда. Олар Әзірбайжан, Ауғанстан, Босния және Герцеговина, Германия, Грузия, Исландия, Испания, Литва, Польша, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина мен Франциядан жеткізілген.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2021
19.04.2021
01.04.2021
14.09.2020
19.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031