USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда қарттар саны көп

  • 29.қыркүйек.2021, 15:49,
  • 203

Зерттеулерге сәйкес, Қазақстан халқы жедел қарқынмен қартайып барады. Елдегі қарттардың үлесі 11% -ға жетті.

2021 жылдың өзінде ҚР-ның халық саны 19 млн-нан асты.


Сонымен 2020 жылы өмір сүру ұзақтығы 71,37 жас болса, он жыл бұрын бұл 68,45 жасты, ал 2000 жылы 65,5 жасты құраған. Оған қоса, нәрестелер мен балалардың өлімі, жас кездегі өлімі т.б есептеледі. Зейнетке шыққаннан кейін ерлердің өмір сүру ұзақтығы 80 жас, ал әйелдердікі – 82 жас.


Осылайша Қазақстанда халықтың қартаюы байқалады.


Егер 2010 жылы зейнет жасы 9,9%, құраса, 2020 жылдың өзінде 11% құраған.


Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі керісінше айтарлықтай төмендеді: 2010 жылы 64% дан 2020 жылы 58,3% дейін.


Ж.Боже-Гарнье - Э.Россетаның демографиялық қартаю шкаласына сәйкес, Қазақстан "қартаюдың табалдырығында", тұр деп нақтылайды сарапшылар.


Сонымен қатар елімізде еңбекке қабілетті бір адам үшін демографиялық жүктеме өсуде. Мәселен, ҚР-да еңбекке қабілетті 1000 азаматқа еңбек жасынан жас немесе үлкен 692 адам келеді (бір жыл бұрын – 687 ал, он жыл бұрын – 555 адам болған).


Дәл осындай жағдай бүкіл әлемдеде байқалады. БҰҰ-ның болжамы бойынша әлемнің барлық елдері халықтың қартаю процесіне тап болады.

Халықтың қартаюымен және сәйкесінше еңбекке қабілетті тұрғындарға жүктеменің ұлғаюы нәтижесінде зейнетақы төлеуден жинақтау жүйесіне көшудің әлемдік тенденциялары байқалады.


Қазақстан 1998 жылдан бастап біртіндеп төленетін жүйеден жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті.


ҚР-ның көп деңгейлі зейнетақы жүйесінің жинақтаушы компоненті бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, сонымен қатар болашақта зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға көмектеседі.


2021 жылдың 1 қырқүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақы жинақтары – 12,9 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.08.2021
27.05.2021
12.04.2021
14.12.2019
29.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031