USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дәнді-дақылдар бойынша сұраныс толығымен қамтамасыз етіледі

  • 21.қыркүйек.2021, 12:06,
  • 178

Дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етеді. Бұл тұралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметі отырысында мәлімдеді.

"Ағымдағы жылы дәнді және майлы дақылдардың жинау алаңы 18,9 млн. гектарды құрады. Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша өнімділік гектарынан 9,5 центнер болғанда дәнді және майлы дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 18 млн тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге шамамен 14,3 млн тонна дәнді дақылдар, 200 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Ағымдағы жылы дәнді дақылдар 15,9 млн га алқаптан жиналатын болады. Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес өнімділік гектарынан 10,1 центнер болғандадәнді дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 16 млн тоннаны құрайды. Өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескергенде, дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді", - деді Қарашөкеев.


Оның айтуынша, жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстан нарықтарына жіберілетін болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі артуы мүмкін.


Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталғанын атап өтті министр. Бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары деді ол. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,1 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы алаңының 95%-ы жиналды, ал өткен жылы осындай уақытта 14,5 млн гектар немесе 91,5% жиналған болатын. Бүгінгі күні орташа түсімділік гектарына 9,4 центнерді құрады.


Бұдан басқа, майлы дақылдар, көкөністер, картоп, бақша дақылдары мен мақта жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


"Жаңа түсім астығының сапалық көрсеткіштері жоғары. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына өткізілген жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің91%-ы1-3 сыныптарға жатқызылды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 83,8%-ды құраған болатын. Тиісінше, 4-5 сыныпты және сыныпсыз бидай үлесі 2020 жылғы 16,2%-дан биыл 9%-ға дейін төмендеді. Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықтың сапасы туралы деректерге сәйкес, құрамында дән маңызы (клейковина) жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өскені байқалады. Мәселен, 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие дән маңызы 28% және одан жоғары болатын жоғары сапалы HI-Pro бидайы өткен жылғы 59,7%-ға қарағанда 71,3%-ға дейін өсті", - деді министр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2021
03.09.2021
18.08.2021
07.10.2020
09.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031