USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміз екпе сатып алуға қанша ақша жұмсады

  • 20.августа.2021, 18:47,
  • 152

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды сатып алуға қанша қаражат жұмсалғанын айтты.

"Құны бойынша (вакциналар - шамамен), біз тауар жеткізушілердің келісімшарттары құпия сақталатынын ескере отырып, ондағы цифрларды жариялауға олардан рұқсат сұрадық. Бірақ бұл арадағы барлық цифрлар мен бағалар - зауыттардың ресми бағасы болып табылады, яғни басқа елдерде де мұндай баға бар. Біз әр компаниядан бағаны жариялауды сұрадық. Вакциналардың құны туралы жалпы мәліметтерді айтуға болады. Биыл вакцина сатып алуға 95,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл 10 миллион 890 мың адамға арналған", - деді ОКҚ-дағы брифингіде Денсаулық сақтау министрі.


Жалпылай, 14,28 млн доза - Sputnik V, 1 млн доза - Hayat-Vax, 2,97 млн ​​доза - QazVac, 500 мың SinoVac сатып алынды.


Оның айтуынша, Sinopharm вакцинасының 4 миллион дозасы әне-міне келіп қалады деп күтілуде.


Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентімен 6 276 224 адам егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 63% құрайды. Екінші компонентті 4 913 196 адам қабылдады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.06.2021
28.05.2021
05.05.2021
02.10.2020
22.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031