Сонымен, қағаз жүзіндегі декларация 15 шілдеге дейін, электронды түрдегісін 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы керек.
"Бүгінгі күні жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 464 мың жеке тұлға немесе жоспарланған санның 97% -ы декларация тапсырды. Ұсынылған декларациялардың жалпы санының 99,9% - электронды түрде және 0,1% - қағаз түрінде болды", - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
Демек, декларацияны электронды түрде қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Оны электронды үкімет порталы, салық төлеушілер кеңсесі, сондай-ақ "e-Salyq Азамат" мобильді қосымшасы арқылы өткізуге болады.
Жалпыға бірдей декларация Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, алдымен мемлекеттік қызметшілер, содан кейін барлық азаматтар декларация өткізуге міндеттеледі.