USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда қаржы пирамидасы анықталды

  • 16.июля.2021, 11:36,
  • 234

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен "World Business Consulting" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат енгізуді ұсынды. Өз кезегінде, бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік беріп отырған", - делінеді ҚР ҚМА хабарламасында.


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, "World Business Consulting" қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анықталды.


"Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. ҚМА азаматтарды сақ болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады", - дейді агенттіктегілер.


Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз "World Business Consulting" қызметіне кез болған жағдайда, Алматы қаласы бойынша ЭТД-ге Жібек Жолы даңғ., 127 мекенжайы және 8-775-923-40-90, 8 708 192 2818 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұралады. Басқа қалалардың тұрғындары тиісті қаланың/облыстың ҚМА аумақтық департаментіне жүгіне алады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.06.2021
17.05.2021
14.04.2021
26.10.2020
29.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031