USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қызылордада автогаз құны бірден 20 теңгеге шарықтады

  • 26.июня.2021, 14:51,
  • 147

Қызылордада автокөлікке қажетті сұйытылған газ бағасы қымбаттады. Бірден 20 теңгеге көтерілген баға табиғи газ өндіріп отырған аймақ тұрғындарының қалтасын қағып отыр. Оның үстіне, жетіспеушілік бар дейді жүргізушілер, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тілшінің айтуынша, көлік жүргізушілері бұған дейін газды 60-65 теңгеден құйып келген. Ал енді ол 20 теңгеге бір-ақ көтерілген. Оның өзі қолжетімді емес. Кейбір бекеттерде ғана бар екен.

"Газ жоқ. Барлық жерде талонмен, карточкамен. Қолма қол ақшаға төлеу қиындау. Бұрын 600 теңгеге 10 литр құятын едік, қазір 1000 теңгеге 10 литр құясың", - дейді тұрғындардың бірі. 

Ал мамандар болса, газ бағасы мемлекет тарапынан реттелмейтінін айтқан. Олар қымбатшылықты газ тапшылығымен байланыстырып отыр. Оның негізгі себебі - еліміздегі ірі зауыттардың уақытша жұмысын тоқтауы.

"Әр маусым сайын үш зауыт тоқтайды. Жөндеу жұмыстарына. Шымкенттегі зауыт тоқтап қалғаннан кейін сұйытылған мұнай-газды шығармай қойды. Оның алдында Атырау да шығармай қойған. Бір "КазгерМұнайдың" газы бар. Бірақ ол Қызылорда облысына ғана емес, Жамбыл облысына да, Алматы облысына, Алматыға, Шымкентке, Түркістан облысына кетіп жатыр. Сондықтан газ тапшылығы бар", - дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ерсін Орынбаев.

Дегенмен, мамандар алдағы уақытта талдау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Газдың құнын негізсіз көтерген кәсіпкерлер анықталса, тиісті шара көреміз дейді.



#газ #қымбатшылық #Қызылорда #экономика #баға 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.06.2021
17.06.2021
09.04.2021
03.03.2021
01.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031