USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде үй алу үшін кезекте 562 мың адам тұр

  • 02.июня.2021, 19:18,
  • 195

Бүгінгі таңда 562 мың азамат үй алу кезегінде тұр. Оның ішінде 185 мың адам - отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен санатқа жатады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Олар негізінен - көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік аз қорғалған топтары. Оларға арнап жалға берілетін баспана құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын субсидиялау тетігі енгізіліп жатыр.

Жалдау ақысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін – 31 айлық есептік көрсеткіш (90 427 теңге), өзге өңірлер үшін - 21 айлық есептік көрсеткіш (61 257 теңге) және ауылдық жерлер үшін - 15 айлық есептік көрсеткіш (43 755 теңге) мөлшерінде мемлекеттік қаражат есебінен субсидияланады.

Кезекте тұрған қалған 377 мың адам - отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табыс табады. Оларға мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, толық емес отбасылар жатады (жыл сайын 32 мың адамға артып келеді). "Отбасы банк" арқылы ол азаматтарға кредиттік тұрғын үй және жеңілдетілген несие беріледі.

Осы мақсатпен "Отбасы банкі" базасында "Алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" құрылды. Орталық кезекте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізеді.



#пәтер #кезегі #баспана #тұрғынүй #Қазақстан 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031