USD 510.19
EUR 582.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін бекітті

  • 13.мамыр.2021, 17:25,
  • 495

Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 80-ші отырысы бейнеконференция форматында өтті. 

Отырыс Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоимзодтың төрағалық етуімен өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов басқарды. Өзбекстан Республикасынан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Түркіменстан Республикасынан Су ресурстары мемлекеттік комитетінің бірінші орынбасары Довлетмурад Маммедов қатысты.

Кездесу барысында 2020-2021 жылдардағы вегетацияаралық кезеңнің қорытындылары қаралды, сондай-ақ елдердің су тарту лимиттері бекітілді және 2021 жылғы вегетациялық кезеңге арналған Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс режимдері қаралды.

Сонымен қатар, Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Түркменбашы қаласында өткен ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінде айтылған ұсыныстар мен бастамаларды орындау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Тараптар ХҚКК жұмысы шеңберінде өзара құрмет және тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастықты нығайта түсетін болады.




#суресурстары #ОрталықАзия #комиссия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.03.2021
12.12.2020
05.12.2020
18.07.2020
02.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30