USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан мен Ресей әріптестікті күшейтеді

  • 05.желтоқсан.2020, 16:06,
  • 285

Қос мемлекет геология саласында әріптестікті күшейту туралы құжатқа қол қойды. Тараптар түрлі пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау үшін бірге геологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізеді.

Мәскеуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов геология саласындағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. 


Келісімге сәйкес, Тараптар минералдық ресурстар, аймақтық геология салаларында және геологиялық карталар әзірлеу бойынша өзара экономикалық қатынасты күшейтпек. Бұдан бөлек, екі елдің мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары, геологиялық барлаумен айналысатын компаниялары арасындағы байланыс реттеледі, делінеді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Сонымен қатар, Тараптар түрлі пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау үшін бірге геологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізеді. Бұған жер асты суларын табу, түрлі масштабтағы геологиялық түсірілімдер жасау, минералдық шикізаттың кен орындарын табуға бағытталған геохимиялық, геофизикалық зерттеу әдістерін қолдану бойынша да жұмыстар кіреді.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, Меморандум Қазақстан мен Ресейдің геология саласын дамытуға кең мүмкіндіктер ашып, геологиялық компаниялар арасында ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.


"Қол қойылған құжат қос елдің геология саласындағы бірлесе әрекет ету потенциалын ұлғайта түседі. Бұл бағыттағы шаралар консолидациясы зерттеулердің тиімділігін арттырып, геология саласында жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін", - деп атап өтті Қазақстанның экология министрі.



#геология #ресей #қазақстан #меморандум #құжат 
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2020
02.07.2020
22.06.2020
08.01.2020
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930