USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үндістандық штамның әлемге қаупі бар - ДДҰ

  • 12.мамыр.2021, 10:12,
  • 346

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өкілдері коронавирустың Үндістанда тарап жатқан үштік мутация түрі жаһандық деңгейде "алаңдатып отырғанын" мәлімдеді. Бұл туралы ДДҰ ресми өкілі Мария Ван Керкхове СNBC телеарнасында айтты. 

Ұйым өкілінің сөзінше, Үндістанда тарап жатқан B.1.617 штамы тез жұғады, вирустан қайтыс болатындар көбейіп, вакциналарға төзімді келеді. 

"Сондықтан вирустың бұл түрі жаһандық деңгейде алаңдатып отырғанын айтамыз. Тіпті алдын ала зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша штамның тез жұғатынын көрсеткеніне қарамастан, бізге вирустың бұл түрі туралы көп ақпарат керек", - деді Керкхове. 

ДДҰ өкілі мутацияланған инфекция вирустың кейінгі түріне (SARS-CoV-2) қарағанда тез тарайтынын атап өтті. 


Айта кетейік, 11 мамырдағы кешкі жағдай бойынша, дүние жүзінде вирус жұқтырғандар саны 160 миллионнан асты. Науқастар саны бойынша бірінші орында АҚШ, одан кейін Үндістан және Бразилия. 



#ДДҰ #Үндістан #коронавирус #пандемия #эпидемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.04.2021
28.04.2021
11.10.2020
09.07.2020
03.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031