USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс: Бәткен тұрғынының үйіне зымыран түскен

  • 02.мамыр.2021, 15:25,
  • 337

29 сәуірде Ақтатыр ауылдық кеңесіне қарасты Ортобоз аулы тұрғынының үйіне авиациялық зымыран түсті. Ол кезде тәжікстандықтар "Ми-24" тікұшағынан оқ атқан. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Шекара қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды 24.kg.

"Бүгін Ортобоз аймағында тәжік әскери қызметшілері Төрт-Кошо және Чыр-Добо аудандарын әуеден атқылау кезінде 29 сәуірде жергілікті тұрғынның үйіне түскен авиациялық зымыран табылды", - делінген хабарламада. 

Үйде тұрып жатқан отбасы зардап шекпеді - зымыран қосылмай қалған. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қырғызстан Шекара қызметінің хабарына қарағанда, 13:00-дегі жағдай бойынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты. 

Бәткен облысындағы ауылдардың тұрғындары қақтығыстан кейін үйі қандай жағдайда екенін көрсетіп жатыр. Тұрғындар видео мен суреттерді әлеуметтік желілерде жариялаған. 

 

Шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде басталған. 29 сәуірде кешке Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға келіскен. Алайда кей жерде атыс қайта басталған болатын. Кеше тараптар бейбіт келісімге келу бойынша екінші әрекетке барып, атыс тоқтатылғанын жариялаған. 

178 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген, 34 адам қаза болған, оның ішінде бір бала бар. Қақтығыс аймағынан 33 мыңнан аса адам эвакуацияланған еді.




#Тәжікстан #Қырғызстан #атыс #жердауы #зымыран 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Қырғызстан МҰҚК
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031