Жарлыққа денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Хези Леви қол қойды.
Шешім коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеп, сондай-ақ халықты вакцинациялау науқаны сәтті өтіп жатқанына байланысты қабылданды. Израильде Pfize /BioNTech вакцинасына құқығы бар, 16 жастан асқан тұрғындардың шамамен 81 пайызы екі дозаны да алған. Бұл елдегі инфекция жұқтыру дерегінің күрт төмендеуіне әкелді.
Алайда маска тағу режимі туралы талап жабық нысандарда сақталады. Сондай-ақ, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері көшедегі жиналыстарға қатысқан кезде тұрғындарға маска тағуды ұсынды.
Шетелдіктердің елге кіруі әлі де шектеулі, ал шетелден оралған вакцина салдырмаған тұрғындар оқшауланады.
"Қазір пандемиядан шығу шаралары бойынша бүкіл әлемнен озып келеміз. Алайда әлі де СOVID-19-ды жеңген жоқпыз. Қайтып оралуы да мүмкін", - деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
#Израиль #коронавирус #маска #бетперде #карантин #қаулы #пандемия