USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жыныстық қатынас кезінде маска тағу керек

  • 05.қыркүйек.2020, 12:02,
  • 872

Дәрігер жыныстық қатынас кезінде маска тағуды ұсынды. Тіпті, індет басылғанға дейін төсек қатынасынан бас тарта тұруға да болады. 

Канадалық бас дәрігер коронавирус індетін жұқтырмау үшін төсек қатынасы кезінде бетперде тағуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екінші қыркүйек күні мәлімдеме жасаған дәрігер Тереза ​​Тэм коронавирус дерті жыныстық қатынас арқылы жұғатынын айтып, дабыл қақты деп жазады Daily Mail. 

Айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында төсек қатынасы айтарлықтай қауіп тудырмайды. Алайда бейтаныс адаммен төсек қатынасына түсу коронавирустан бөлек өзге де түрлі дерттерді жұқтырып алу қаупін еселеп жібереді дейді ол. 

"Физикалық тұрғыдан жақындық Covid-19 инфекциясының жұғуына әкеліп соқтыруы ғажап емес. Сол себепті, вирустың таралуының алдын алған абзал", - деп сөзін бастады Тереза.

Баспасөз жиынын ұйымдастырған дәрігер коронавирус індеті кезіндегі төсек қатынасына қатысты бірқатар кеңесін ортаға салды.

 "Жыныстық қатынас кезінде бетперде тағыңыз. Тіпті, індет басылғанға дейін төсек қатынасынан бас тарта тұруға да болады", - деп ойын түйді ол. 

Бас дәрігердің кеңесімен Джорджия университетінің зерттеушілері келісіп отыр. Олар ғашықтарға бір-бірін сүюді де қоя тұру керек деген пікірде. 



#бетперде #маска #жыныстыққатынас #канада 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.08.2020
26.07.2020
16.07.2020
15.07.2020
11.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930