USD 426.14
EUR 517.08
RUB 5.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Пандемия барысында жиналған мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ

  • 19.сәуір.2021, 09:31,
  • 31

Пандемия кезінде отынға сұраныс төмендеуіне байланысты қоймаларда жиналған артық мұнай қоры бітуге жақын, - деп хабарлайды World Oil.

Бұған Bloomberg басылымына Халықаралық энергетикалық агенттігі (ХЭА) мен Citigroup маманы берген сұхбат дәлел.

Ақпанда ХЭА мәліметтері бойынша, қоймаларда жиналған отын көлемінің бестен бір бөлігі қалды. Агенттік сол кезден бастап қор одан да азайғанын айтты. Осылайша 2020 жылдың маусымында бүкіл әлем бойынша қоймаларда 2015-2019 жылдардағы орташа мәннен 249 миллион баррельге көп жиналған.

Алайда 2021 жылдың ақпанда бұл көлем 57 миллион баррельге дейін төмендеді. Тепе-теңдіктің өзгеруі ОПЕК пен оның одақтастары өндірісті үлкен көлемде автоном режимде қалдыруына байланысты және экономиканы алдын ала қалпына келтіру отынға деген әлемдік сұранысты жандандырады.

"Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдеріндегі коммерциялық қорлар соңғы бес жылда орташа деңгейге оралды", - деді Citigroup шикізат нарығы бойынша сарапшы Эда Морзе.

АҚШ-та мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы қоры ақпанның соңында 1,28 миллиард баррельге дейін төмендеді, дейді энергетикалық ақпарат басқармасы өкілдері. Жаһандық артықшылықтың қалған бөлігін өңдеу біраз уақыт алуы мүмкін. Өйткені ОПЕК кейбір тоқтатылған жеткізілімдерді қалпына келтіреді, ал Үндістан мен Бразилияда вирустың жаңа толқыны мұнай сұранысына қауіп төндіреді.

"АҚШ-та мұнай өңдеу көлемінің өсуі байқалады, бұл шикі мұнай қорының азаюына ықпал етеді", - деді FGE консалтинг компаниясының аға сарапшысы Мерседес Маккей.

Экономистердің айтуынша, әлемдік мұнай нарығының жаңа теңгерімсіздігі және қалпына келе жатқан әлемдік экономикада отынға деген сұраныстың артуы мұнайдың барреліне 67 долларға дейін қымбаттауына әкелді. 

Citigroup 2021 жылдың екінші жартыжылдығында сұраныс қалпына келген сайын мұнай қоры тәулігіне 2,2 миллион баррельге қысқарады деп болжап отыр. Нәтижесінде Brent маркалы мұнай барреліне 74 долларға дейін немесе одан да жоғары көтерілуі мүмкін.



#мұнай #ОПЕК #шикізат #экономика 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.02.2021
08.02.2021
27.09.2020
21.04.2020
05.01.2020
ПІКІР
09 мамыр21:50,
Тарихи мұра
Ормандағы ащы үн...  
«    Мамыр 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31