2020 жылы қазанда Apple iPhone 12 mini, iPhone 12, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max кіретін iPhone 12 ұялы телефондар желісін қолданысқа ұсынды.
iPhone 12 mini 5,4 дюйм OLED дисплейімен жабдықталған және компаниядағы ең арзан смартфон. Алайда бағасының төмендігіне қарамастан iPhone 12 mini ең аз сатылған модель. Ол сатылымы 6 пайыз ғана болған.
Жақында JPMorgan Chase инвестициялық ұйымы соңғы болжамын жариялады. Ондағы сарапшы Уильям Янгтың талдауынан кейін iPhone 12 және iPhone 12 mini өндіру болжамы 9 және 11 миллионға азайды. Сондай-ақ, ол iPhone 12 mini-ге нарықта сұраныс аз екенін және әлемдік сатылым көрсеткіші тым төмен екенін растады. Сарапшы түрлі дереккөзге сілтеме жасап Apple бұл телефонды 2021 жылдың екінші тоқсанында шығаруды тоқтататынын айтты.
Осылайша, iPhone 12 mini iPhone тарихындағы ең қысқа мерзімді флагмандық модель болуы мүмкін. Сондай-ақ, сарапшы iPhone 12 Pro Max-тың сату болжамын 11 миллионға арттырған.
#iPhone #Apple #телефон #әлем