USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайдан қашқан ғалым COVID-19 туралы шындығын жайып салды

  • 13.июля.2020, 10:36,
  • 394

Гонконгтен АҚШ-қа қашқан ғалым Ли Мэн Янь Қытай билігі жаңа коронавирус туралы әлемге жария етпес бұрын ол туралы білгенін мәлімдеді. Бұл туралы вирусолог Fox News телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында айтты, деп хабарлайды ИноТВ.

"Менің АҚШ-қа келуімнің басты себебі - COVID туралы шындықты айту", - дейді ол.

Ғалым бұл оқиғаны Қытайда айтатын болса, "жоғалып кететінін немесе өлтірілетінін" атап өтті.

Янь әлемде COVID-19-ды зерттеген алғашқы маманның бірі екенін жеткізді. Ол 2019 жылы ДДҰ референтті зертханасындағы жетекшісі доктор Лео Пуннан материктік Қытайда тіркелген SARS ауруынан ұқсас (атипиялық пневмония - автор) дерттің үлгісін талдауға тапсырма алыпты.

31 желтоқсанда Янның досы, ауруды бақылау және алдын-алу орталығының ғалымы оған вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтқан. Бұл Бейжің мен ДДҰ COVID-19 вирусын ресми түрде мойындағаннан әлдеқайда ертерек болған.

Вирусологтың айтуынша, оның басшылары көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін зерттеулерді елемеген. Сондай-ақ, оған "қызыл сызықтан өтпеуге кеңес беріпті".

Сонымен қатар, Янь ДДҰ референт зертханасының тең құқылы директоры, профессор Малик Пейрис бұл оқиға туралы білгенін, бірақ ештеңе істемегенін атап өтті.

Ғалым өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізді. Оның пікірінше, ол ешқашан Отанына қайта алмайды және отбасымен және достарымен көрісу мүмкіндігінен айырылған. Алайда вирусолог бұл оқиға туралы айтқанына еш өкінбейді.

ДДҰ мен Қытай билігі Ли Мэн Янның сұхбатына түсініктеме бере отырып, коронавирустың таралуы туралы ақпаратты жасырды деген айыптауларды жоққа шығарды. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Fox News телеарнасына Янь, Пун және Пейрис есімді мамандардың ДДҰ зертханасында жұмыс істемегенін мәлімдеді.

Вашингтонның Қытайдағы елшілігі телеарнаға Ли Мэн Янь туралы ештеңе білмейтінін айтты. Қытайлық дипломаттар коронавирустың өршуіне Қытай үкіметі тез әрі тиімді әрекет еткенін атап өтті.
 
Айта кетейік, Fox News телеарнасы АҚШ-тың Республика партиясына жақын. Сондай-ақ, телеарна Қытай мен ДДҰ-ны талай сынға алған Дональд Трампты бірнеше рет қолдаған болатын.



#қытай #гонконг #коронавирус #ақш #шындық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.05.2020
27.04.2020
20.04.2020
27.02.2020
13.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930