Үндістанда табиғи апат себебінен жүздеген адам мерт болды
- 07.ақпан.2021, 21:46,
- 179
Үндістанның Уттаракханд штатындағы мұздық көшкін болып, салдарынан 150 адам із-түссіз жоғалып кетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, із-түссіз жоғалып кеткендердің жартысы Ришиганг гидроэлектростанциясының жұмысшылары.
Гималай тауларының Алакнанда мен Дхаулиганга өзендеріне үлкен мұз массалары түсіп, биік таулы жерлерде су тасқыны болды. Төменде орналасқан Сринагар, Ришикеш және Харидвар қалаларындағы су электр станциялары шұғыл түрде суды ағызып жатыр.
Видео: РИА Новости
Сол ауданда, сондай-ақ өзеннің жанында орналасқан елді мекендерде автомобиль және теміржол көпірлерін салу жобаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің өміріне қауіп төнді. Су тасқынына байланысты билік су электр станциясынан төмен орналасқан елді мекендерді эвакуациялай бастады.
скачать dle 12.0