Елдің оңтүстігіндегі Чинджу қаласында мысықтың коронавирус жұқтыру дерегі анықталған. Осыдан кейін үкімет үй жануарларынан сынама алу бағдарламасын енгізуді мақұлдады.
Сынама тек қызу, түшкіру және тыныс алу қиындықтары сияқты ауыру белгісі бар жануарлардан алынады. Оны ветеринары бар көшпелі бригада жүргізеді. Коронавирус расталған жағдайда, үй жануары иесінің тұрғылықты жері бойынша 14 күнге оқшауланады.
Сеулдегі карантин шараларын бақылау офицері Пак Ю Мидың айтуынша, оқшаулау үшін арнайы орындар қарастырылмаған. Өйткені вирустың жануардан адамға жұғу дергі тіркелмеген. Алайда жануар иесі ауырып, қамқорлық жасауға жағдайы келмесе, үй жануарын арнайы орынға алып кетеді.
Айта кетейік, Оңтүстік Корея билігі 2020 жылдың 24 қарашасынан бастап ел астансы мен басқа да бірқатар қалаларда әлеуметтік арақашықтық шараларын екінші деңгейге дейін күшейтті.
#коронавирус #ит #мысық #пандемия