USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирус: Оңтүстік Кореяда рекорд жаңарды

  • 21.августа.2020, 12:30,
  • 415

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 324 адамнан коронаврус анықталып, науқастар саны 16 670-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымының (CDC) өкілі айтты.

Соңғы рет Оңтүстік Кореяда 8 наурызда 367 жаңа жағдай тіркелген еді. Өткен аптада Оңтүстік Кореяда бір күнде 56 науқастан 297 науқасқа дейін тіркелген. 

Науқастардың саны өсуіне елде сауда орындары мен шіркеулердің ашылуы себеп болғаны айтылады.

Енді жергілікті эпидемиологтар Сеул шіркеуіндегі коронавирус ошағы Тэгу қаласындағы жасырын христиан сектасындағы қайғылы жағдайды қайталауы мүмкін деп сескеніп отыр. Тэгу қаласындағы Щинчонджи шіркеуінің қызметкерлері коронавирусты анықтауға тест тапсырудан бас тартып, олар мыңдаған адамға жұқтырғандықтан ақпаннан бастап елдегі бүкіл шіркеу жабылған болатын.


#коронавирус #антирекорд #эпидемия #оңтүстіккорея 


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2020
22.04.2020
15.04.2020
04.03.2020
10.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031