USD 520.48
EUR 574.61
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресейде тәулік ішінде COVID-19 шалды00андар бойынша антирекорд тіркелді

  • 26.қазан.2020, 16:31,
  • 481

Ресейде COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәулік ішінде антирекорд тіркелді. 

Шұғыл штабтың мәліметінше, Ресейде кейінгі тәулікте 17 347 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Өсім 1,1 пайыз деңгейінде тұр.

Бұған дейін өсім 23 қазанда - 17 340 болып тіркелген.

Науқастардың көбі Мәскеуде (5224, күн бұрын 4455), Санкт-Петербургте (715) және Подмосковьеде (499) анықталса, ең азы - Шешенстанда (тоғыз), Ненецк автоном округінде (төрт) және Чукоткада (бір) тіркелді. Вирус жұқтырғандардың ішінде төрттен бір бөлігінен аса адамда аурудың симптомдары болмаған. 

Кейінгі тәулікте 219 адам қайтыс болып, 7 574 науқас жазылды. 

Пандемия басынан бері елді коронавирус жұқтырғандар саны 1 531 224-ке жетті. 26 269 адам қайтыс болды, 1 146 096 науқас аурудан айықты.



#пандемия #індет #ауру #ресей #антирекорд

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.10.2020
05.09.2020
08.08.2020
03.07.2020
27.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930