USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қауіпті вирус WhatsApp мессенджері арқылы таралды.

  • 28.қантар.2021, 10:16,
  • 235

WhatsApp-та таралған қауіпті вирус анықталды. Оның табылғаны туралы ESET компаниясының қауіпсіздік жөніндегі зерттеушісі Лукас Стефанко айтты

Вирус Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфон иелеріне қауіп төндіреді. Пайдаланушыға смартфон ұтып алу туралы ұсыныспен сілтеме келеді. Huawei Mobile мобильді қосымшасына сілтеме келгенде зиян бағдарлама телефонға енеді. Сілтемені басқаннан кейін WhatsApp қолданушысы Google Play қосымшалар дүкеніне ұқсас дизайндағы сайтқа өтеді. Онда оған бағдарлама орнату ұсынылады.

Бағдаламаны орнату аяқтағаннан кейін хабарлама алуға рұқсат сұрайды. Жылдам жауап беру функциясын қолдана отырып, вирус сілтемені басқа пайдаланушыларға жібереді. Сонымен қатар, мұндай хабарламалар сағатына бір рет келуі мүмкін. Стефанконың айтуынша, бұл зиян бағдарламаны жасыру үшін жасалады.


Сонымен қатар, бағдарлама фонда және басқа қосымшалармен қатар жұмыс істеуге рұқсат сұрайды. Сарапшының айтынша мұндай әдістерді алаяқтар смартфон экранында жарнамаларды көрсетіп, ақша табу үшін жиі қолданады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.01.2021
03.07.2020
31.01.2020
26.11.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031