USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркияда комендаттық сағат енгізілді

  • 15.желтоқсан.2020, 09:19,
  • 458

Түркияда қатаң локдаун енгізіледі. Бір күнде коронавируспен ауырғандардың саны 20 мыңнан астам адам тіркелді.

Түркия президенті Тайып Ердоған жаңажылдық мерекелерде 31 желтоқсан сағат 21.00-ден 4 қаңтар сағат 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілгенін жариялады.


"Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында 31 желтоқсан кешкі тоғыздан 4 қаңтар таңғы беске дейін коменданттық сағат белгілеу туралы шешім қабылданды", - деді Ердоған Анкарада сөйлеген сөзінде.

Мұның алдында елде шектеу шаралары қатаңдатылғаны хабарланған болатын. Елде сейсенбіден бастап монша, сауна, бассейндер, жаттығу залдары жұмысын тоқтатқан еді. Сауда орталықтарына тек код арқылы шектеулі адам кіргізілетін. Сондай-ақ, кафе мен мейрамханалардың қызметі тоқтатылған болатын.


Дереккөз мәліметінше, Нидерландыда да 19 қаңтарға дейін қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы елдің премьер-министрі Марк Рютте мәлімдеді.

Оның айтуынша, қатаң карантин шаралары 15 желтоқсанға қараған түні басталады. Елдергі барлық дүкен жабылады, тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Музей, театр, саябақтар, казино, сауналар, қоғамдық тамақтану орындары мен сұлулық салондары қызметін тоқтатады.

Мектептер мен университеттер 16 желтоқсаннан бастап қашықтан оқуға  көшеді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930