USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Арменияның 17 оппозициялық партиясы ортақ кандидат ұсынды

  • 04.желтоқсан.2020, 12:50,
  • 351

Оппозициялық партиялар бейсенбі күні Отанды қорғау қозғалысын құратынын мәлімдеді. 

Вазген Манукян егер премьер болсам, партиядағы қызметімді тоқтатып, жаңа сайлау өткіземін, бірақ оған өзім қатыспаймын деп жариялаған. Осылай деп Азаттықтың армян қызметі (Азатутюн) хабарлайды.

Армения оппозициясы қараша айынан бері қазіргі премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етіп келеді. Оны 90-жылдардың басынан бері Армения бақылап келе жатқан Таулы Қарабақтағы даулы жерлердің Әзербайжанға қайтарылуымен айыптайды. Пашинян болса, қызметінен кетуден бас тартып жатыр.

Оппозициялық партиялар бейсенбі күні Отанды қорғау қозғалысын құратынын мәлімдеді. Жаңа ұйым кеңесінің мәлімдеуінше, олар жаңа үкімет құрып, сайлау өткізуге әрекет етеді.

Манукян – Таулы Қарабақты тәуелсіз етуге ұмтылған қозғалыстың негізін қалаушы. 1990–1991 жылдары тәуелсіз Арменияның үкіметін басқарған. 1992–1993 жылдары Әзербайжанмен жанжал кезінде қорғаныс министрі болды. Қазір ол қоғамдық-саяси жұмыстармен айналысады.



#вазген #армения #партия #оппозиция #кандидат #сайлау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.11.2020
02.10.2020
01.10.2020
27.09.2020
13.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930