Екі салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор келесі жекпе-жегін 18 қаңтарда өткізеді. Бұл туралы спорт шолушысы Бретт Окамото UFC басшысы Дана Уайтқа сілтеме жасап хабарлаған.
Ирландиялық жұлдыздың қарсыласы - америкалық Дональд Серроне. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC 246 шоуында өтеді.