USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ЮНЕСКО Абайдың 175 жылдығына арнап үндеу жариялады

  • 21.қараша.2020, 10:44,
  • 350

Коронавирус пандемиясы кесірінен жиын онлайн түрде өтті.

"Хабар-24"-тің хабарлауынша, осы халықаралық ұйымның штаб-пәтерінде де бұл мерейтойға арналған іс-шаралар жоспарда бар. Алайда коронавирус пандемиясы кесірінен ол онлайн түрде өтті. ЮНЕСКО ұйымының бас директоры Одре Азуле ұлы ақынымыздың құрметіне үндеу жасады. Ол Абайдың 150 жылдық мерейтойы да ЮНЕСКО-ның қатысуымен өткенін еске салды. Ұйым басшысы Абайды "бүкіл әлемнің ақыны" деп атады. Өйткені хакім Орталық Азия, Ресей мен батыс елдердің әдебиетін жіті зерттеп, Гёте, Байрон мен Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударған болатын.

Одре Азуле, ЮНЕСКО бас директоры:


– Бүкіл ғаламымыз қиын кезеңді бастан кешіп, санитарлық, әлеуметтік, ағарту және мәдениет секілді көптеген салаларда дағдарысқа ұшыраған тұста Абайдың үндеуі өте өзекті болып тұр. "Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі", – деп айтқан еді. Біз осы қыстың аяқталуына дайын болуымыз керек. Абай өмір бойы бейбітшілік пен адамгершілікке үндеп келді. ЮНЕСКО және Қазақстан Республикасы бірлесіп, осы өсиетін абыроймен орындап жатыр.



#абай #юнеско #175жыл #ақын #композитор 
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.10.2020
25.09.2020
14.07.2020
10.03.2020
15.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930