USD 536.32
EUR 626.9
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

88 жастағы зейнеткер Ұлыбританияны велосипедпен аралап шықты

  • 19.қараша.2020, 19:57,
  • 404

Ұлыбританиялық зейнеткер, 88 жастағы Лоуренс Брофи ел аумағын толықтай велосипедпен шарлап шыққан ең кәрі спортшы атанды, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ол 25 күнде 1,4 мың шақырымды (Лендс-Эндтен Джон-о’Гротсқа дейін) жүріп өтіп, рекорд орнатты. Бұл туристік маршрут Ұлыбритания аралының ең шеткі нүктелерін (оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысты) қосады. 

Алғаш рет бұл жолды Лоуренс Брофи 87 жасында жүріп өткен. Сосын ол өзімен жасты бір адамның осы саяхатты жасағанын естиді. Содан кейін сапарды қайталауды ойға алады. 

"Менде велосипед бұрыннан бар, бірақ мен оны тек алыс емес жолдарға қолданушы ем, серуендеу үшін, не дүкенге бару үшін. Соңғы жылдары ғана мен оны көбірек пайдалана бастадым, өйткені жүгіру үшін қартайғанымды сездім", - дейді ол. 


#зейнеткер #ұлыбритания #велосипед #әлем #саяхат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.10.2020
03.10.2020
28.09.2020
26.08.2020
26.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031