USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шұғыл мәлімдеме

  • 29.қыркүйек.2020, 14:24,
  • 402

Қазақстандағы Әзербайжан Елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады. Сепаратистік режим таратқан ақпаратқа сілтеме жасау қазақ және әзербайжан халықтарының бауырластығына қайшы келеді.

Таулы Қарабақ қақтығысы аймағында ұрыс қимылдарының күшеюіне байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мәлімдеме жасады.


Әзербайжан мемлекетінің басшылығы халықаралық платформалар, екіжақты және көпжақты ресми кездесулер арқылы Арменияның Әзербайжанға қарсы арандатушылық жоспарлап, жаңа территорияларды басып алуға дайындалып, қарулануды қарқынды жүргізіп жатқанын, сондай-ақ майдан шебі мен Әзербайжан-Армения шекарасы бойына қосымша әскери техника мен жұмыс күшін жұмылдырғанын халықаралық қауымдастыққа үнемі ескертіп отырды. Армения басшылығының соңғы қадамдары мұны анық растайды: Армения премьер-министрі елде он мыңдаған адамды біріктіретін "ерікті" әскери бөлімдер құратынын жариялады, мойындалмаған "Таулы Қарабақ Республикасының" парламентін ежелгі әзербайжан қаласы Шуша қаласына көшіру туралы шешім қабылдады, Арменияның қорғаныс министрі "жаңа жерлер үшін жаңа соғыс" жариялады, Армения басып алған территорияларға этникалық армяндарды заңсыз қоныстандыру саясатын жүргізе бастады. Осылайша жуырда Женева конвенциясының баптарына қайшы, армян тектес ливандық отбасылардың көп бөлігі Таулы Қарабақ пен іргелес жеті облысқа қоныстандырылды.


Арменияның мақсаты – басып алынған территориялардағы статус-квоны кез келген жолмен сақтап қалу, сондай-ақ өте күрделі әлеуметтік және экономикалық мәселелерден өз елінің тұрғындарының назарын бұру.


Мұның бәрі Әзербайжанға қарсы кезекті арандатушылыққа дайындық кезеңі болды. Бұл жоспардың кезеңдерінің бірі Армения қарулы күштерінің Әзербайжан Республикасының Армения Республикасымен мемлекеттік шекарасында орналасқан Товуз ауданы бағытында 2020 жылдың 12-16 шілдесінде Әзербайжанның көлік және энергетикалық жолдарын бақылауға алу әрекеттері болды.


Әзербайжан тарапы мұның бәрі әскери қылмыс болумен қатар, Арменияның Әзербайжанға қарсы әскери агрессиясын тоқтатуын, армян қарулы құрылымдарын басып алынған жерлерден шұғыл және бұлтарыссыз шығаруды талап ететін халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №822, 853, 874, 884 қаулыларына және жанжалды әділ шешуге байланысты басқа да халықаралық құжаттарға мүлдем қайшы келетінін мәлімдеген болатын.


Осы процестердің және болжалды оқиғалардың дамуының логикалық салдары ретінде 2020 жылдың 27 қыркүйегінде шамамен таңғы сағат 06.00-де армян қарулы күштері бүкіл майдан бойында қайтадан арандатушылық жасап, ауыр қару-жарақ пен артиллерияны қолданып, майдан шебі бойындағы бейбіт тұрғындар мен елді мекендерге оқ жаудырды. Осының салдарынан Әзербайжанның бейбіт тұрғындары қаза тауып, жарақат алды.


Қазіргі уақытта Әзербайжан Армиясы өз халқы мен мемлекетін қорғау, қауіп төндіретін әскери нысандарды бейтараптандыру және территориялық тұтастықты қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауда. Әзербайжанның Арменияға ешқандай территориялық талаптары жоқ және Арменияның арандатушылық әрекетін жоятын шайқастар Әзербайжан Армиясының қарсы шабуылымен барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ-мен танылған Әзербайжан шекаралары шеңберінде, Армения басып алған территорияларда жүргізіліп жатыр.


Армения-Әзербайжан Таулы Қарабақ қақтығысында бірқатар мүдделі тараптар бар екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты, біз бауырлас Қазақстанда жұмыс істейтін кейбір тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарда басып алынған территорияларда өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ Республикасының сепаратистік режим құрылымдары таратқан жалған ақпаратқа, сондай-ақ басқа елдердің ақпарат агенттіктерінің бұрмаланған материалдарына сілтеме жасағанына қынжыламыз. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын, журналистер мен жеке адамдарды осы мәселеге мұқият болуға, қақтығыстарда мүддесі бар басқа мемлекеттердің қазақстандық қоғамды адастыруы мүмкін бұрмаланған ақпараты мен ақпараттық ресурстарына сілтеме жасамауға шақырамыз.


Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының территориялық тұтастығын таниды және қолдайды. Қазақстан мойындамаған сепаратистік режим таратқан ақпаратқа сілтеме жасау халықаралық келісімдерге, ортақ тарихи құндылықтарымызға, сондай-ақ қазақ және әзербайжан халықтарының достығы мен бауырластығына қайшы келеді деп санаймыз.


Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі бұқаралық ақпарат құралдарынан, журналистер мен жеке тұлғалардан елімізде болып жатқан оқиғалар туралы дәлірек және бейтарап ақпаратты Әзербайжанның ресми органдары мен ресми ақпараттық агенттіктерінің веб-сайттары мен интернет-ресурстарынан алуды сұрайды.


Әзербайжанның ресми және тәуелсіз ақпараттық ресурстары:

Ресми ақпараттық сайттар:

hhttps://ru.president.az/

https://mod.gov.az/ru/

https://mfa.gov.az/en

https://azertag.az/ru/

Тәуелсіз ақпараттық агенттіктер:

https://apa.az/ru

https://www.trend.az/

https://1news.az/


#қазақстан #әзірбайжан #ынтымақ #елшілік #тәуелсіз

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.09.2020
27.09.2020
26.08.2020
13.07.2020
06.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930