USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Вьетнамда коронавирус індеті өршіп тұр - ДДҰ түсінік берді

  • 30.июля.2020, 15:30,
  • 386

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Вьетнамдағы өкілі Кидонг Парк елдегі COVID-19 вирусының өршуіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Данангта анықталған вирус COVID-19-ға ұқсайды. Шілдеде бұл вирус басқа елдерге таралған болатын. Осыған қарамастан бұл вирус мутацияланған. Бірақ қатты алаңдауға негіз жоқ. Мәліметтер сәйкес, вирустың жұққыштығы мен қаупі өзгерген жоқ. Мутация барысында ауру қаупінің жоғарылағаны немесе төмендегені туралы дәлел жоқ", - дейді Кидонг Парк.

Ол Вьетнамда анықталған коронавирустың штамы басқа елдердікіне ұқсас екенін атап өтті.

Кидонг Парк Вьетнам билігінің COVID-19 вирусымен тиімді күрес жүргізіп жатқанын атап өтіп, тұрғындарға пандемия кезінде жеке бастың тазалығын, арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуып жүруге кеңес берді.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Вьетнамда 446 адам коронавирус жұқтырды. 365 науқас жазылды. Елде COVID-19 адам өлімі әзірше тіркелген жоқ.



#вьетнам #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2020
19.07.2020
09.07.2020
03.07.2020
09.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930