USD 462.87
EUR 540.72
RUB 6.16
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайдан келіп жатқан сәлемдемелерге қатысты ақпарат шықты

  • 02.августа.2020, 15:30,
  • 425

Шілде айының соңында тұрғындар тапсырыс бермеген сәлемдемелер келіп жатқанын хабарлаған болатын. Олар Қытайдан жіберілгенін көрсеткен. 

Қытайдан АҚШ-қа ішінде тұқымдар бар күмәнді сәлемдемелер жіберіліп жатқаны хабарланған болатын. Американың ауыл шаруашылығы министрлігі олардың қауіпсіз екенін мәлімдеді. 

Ведомство өкілі тұқымдардың жалбыз сынды дәрілік шөптер екенін айтты, деп хабарлайды The Guardian.

Шілде айының соңында АҚШ, Канада және Ұлыбритания тұрғындары тапсырыс бермеген сәлемдемелер келіп жатқанын хабарлаған болатын. Олар Қытайдан жіберілгені көрсетілген.

Тиісті ведомстволар бұл сәлемдемелер балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы керек екенін ескерткен болатын. Алайда зерттеу кейін сәлемдеме ішіндегі тұқымдардың қауіпсіз екені анықталды.

Бұл интернет-дүкен сатушыларының ісі деген болжам жасалынып отыр. Өйткені жеткізілген тауар көлемі неғұрлым көп болса, сатылым да соғұрлым арта түседі. Дүкеннің рейтингі өседі. Сондықтан олар тұрғындарға осындай тапсырыс берілмеген сәлемдемелерді жібере бастаған. 

Қытай болса, тергеу жүргізу үшін АҚШ тұрғындарына келген тұқымдарды сұрап отыр. Олар сәлемдеме Қытайдан жіберілмегенін алға тартты.


#сәлемдемелер #ақш #қытай #ақпарат 



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.05.2020
27.02.2020
11.02.2020
30.01.2020
24.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930