USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бразилияда биыл Жаңа жыл тойланбайды

  • 29.июля.2020, 16:46,
  • 383

Рио-де-Жанейро әкімшілігі коронавирусқа байланысты Копакабана жағажайында жыл сайын өтетін дәстүрлі мерекеден бас тартты.

Бүгінде Бразилияда COVID-19-ды жұқтырғандар саны екі миллионнан асқан. 87 мың адам кеселден көз жұмыпты. Ал, жағажайға Жаңа жылды қарсы алу үшін кемінде үш миллион адам жиналатын көрінеді. Билік өкілдері «жұрт саулығы үшін бұл мерекені эпидемия жағдайында өткізу қауіпті» деген шешімге келді.


Дегенмен, әкімшілікте Жаңа жылды шағын форматта тойлау нұсқалары да қарастырылып жатыр. Өйткені мейрамнан толықтай бас тарту экономикаға кері әсер етуі мүмкін.


Мария Барбоса, турист:

- Мұндай ауқымды шарада санитарлық норма немесе әлеуметтік қашықтық сақталады деп айта алмаймын. Сондықтан бас тарту өте орынды.


Хосе Барбоса, турист:

- Әлемде пандемия аса жылдамдықпен тарап жатқаны рас. Дегенмен, мұндай мерекелерсіз,көптеп жиналған туристерсіз бұл қандай Рио болмақ?

#Баризилия #пандемия #коронавирус #жаңажыл #індет


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.07.2020
19.07.2020
09.07.2020
03.07.2020
20.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930