USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Чехияда коронавирусқа қатысты компьютерлік ойындар пайда болуы мүмкін

  • 28.июля.2020, 15:14,
  • 390

Жуық арада дүкен сөрелерінде коронавирус пандемиясымен күресіп, оны жеңу үшін түрлі процестен тұратын компьютерлік ойындар пайда болуы мүмкін. Виртуалды ойындарды жасау барысында жергілікті мамандар дәрігер, психолог тіпті саясаткерлердің де кеңесіне жүгінген.

Чехияның компьютерлік ойындар шығарушы алпауыт елдердің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар. Праганың IT мамандары карантин мен қашықтан жұмыс істеу осы саланы дамытуға үлкен мүмкіндік екенін бірден түсінген. Мемлекеттік және жекеменшік компаниялардың қолдауымен індетпен байланысты компьютерлік ойындар жасауды қолға алған. Жергілікті билік жаңа өнімдердің таныстырылымы сәтті өтсе, IT саласын қаржыландыратын арнайы қор құрмақ.


Эдуард Чиков, Информатика және радиоэлектроника институтының директоры: - Чехия мұндай жобаны жүзеге асырудан ұтады. Себебі, адамдардың қазіргі өмірімен байланыстырылып жасалған ойындарға қызығушылық жоғары болатынына сенімдімін. Жобаға жекеменшік компаниялар да атсалысып жатыр. Біздің институт өз мамандары мен зертханаларын ұсынды.


Жаңа ойынның алғашқы сынағы тамыз айында өтеді. Жаңа компьютерлік ойынның негізгі мағынасы – коронавирус кезіндегі шынайы өмір. Онда карантинді қай кезде енгізіп, адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекті қалай табу сынды түрлі жағдайлар қамтылған. «Бұл адамдарға әр елдің билігі үшін індетпен күресу қаншалықты қиын болғанын да түсіндіреді», - дейді мамандар.


Михаил Груша, IT-компанияның креативті директоры: - Бағдарлама елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге де көмектесіп жатыр. Карантиннен көптеген IT мамандары жұмысынан айырылып қалған еді. Қазір осы жоба шеңберінде бір Праганың өзінде бір жарым мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.


Алайда кей психологтар «жобаның кемшін тұстары бар», дейді. Айтуларынша, жаңа ойын адамдарды шынайы өмірден алшақтатып, қияли әлемге әуестендіруі мүмкін. Ал, жақында жарияланған еуропалық сауалнама чехтар әлемде құмар ойындарға ең бейім халықтың бірі екенін көрсеткен. Бұл елдің әр тұрғыны жылына орта есеппен түрлі ойын-сауыққа 50 мың еуро жұмсайды екен. Зерттеу нәтижесін көрген кей шетелдік букмекерлік компаниялар күз айында Чехияда өз бөлімшелерін ашуға шешім қабылдаған.


#Чехия #коронавирус #пандемия #ойын #IT




скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2020
05.07.2020
10.03.2020
06.01.2020
20.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930