USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ливанда гиперинфляция басталды

  • 24.июля.2020, 11:30,
  • 420

Ливанда азық-түлік және қызмет көрсету бағасының тез өсуі гиперинфляцияға алып келді.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан - Таяу Шығыста гиперинфляция болған алғашқы ел. Гиперинфляция елдегі инфляция 50 пайыздан асып, 30 күнге созылған жағдайда болады. 

Johns Hopkins университетінің профессоры Стив Ханктің айтуынша, Ливан Венесуэла мен Зимбабвенің қатарына қосылған. Соңғы жылдары бұл елдерде гиперинфляция болған.

"Инфляцияның негізгі себептері бірдей болып келеді. Үкімет тапқан ақшасынан көп қаражат жұмсайды. Кейін орталық банктен ақша тапшылығын жоюға шақырады. Гиперинфляция жағдайында орталық банк үкіметтердің барлық қаржылық операциясын төлеуге міндетті", - дейді ғалым.

Ливандық Credit Libanais банкінің мәліметіне сәйкес, былтырмен салыстырғанда елде азық-түлік және қызмет көрсету бағасы 190 және 172 пайызға өскен.



#ливан #гиперинфляция #әлем 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.06.2020
23.04.2020
21.04.2020
13.01.2020
25.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930