Рейтингте Лондон, Нью-Йорк, Париж, Токио, Рейкьявик және Копенгаген көш бастап тұр. Сондай-ақ Берлин, Амстердам, Сингапур, Гонконг, Цюрих, Осло, Чикаго, Стокгольм, Вашингтон, Лос-Анджелес, Сидней, Вена, Сеул және Сан-Франциско ең дамыған қалалар тізіміне енді.
Тізімде барлығы 174 ел бар.
Рейтингтің соңында Манила (Филиппин), Рабат (Марокко), Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Каир (Египет), Колката (Калькутта, Индия), Дуала (Камерун), Лагос (Нигерия), Лахор (Пакистан), Карачи ( Пәкістан) және Каракас (Венесуэла) тұр.
Рейтингті құру кезінде сарапшылар адами капиталды, әлеуметтік келісім, экономика жағдайы, экология, халықаралық ашықтық, технологиялық даму, көлік инфрақұрылымы және басқаларын ескерді деп жазады дереккөз.
#лондон #нью-йорк #париж #токио #копенгаген #рейтинг