Бұған дейін желіде экономикалық саясатты талқылаған бірнеше адамдардың әңгімесі жазылған таспа жарияланды. Гончаруктың даусына ұқсас белгісіз біреу Владимир Зеленскийдің экономикадағы білімін қарабайыр деп атады.
"Командамыз жайлы айтайын: біздің команда парасатты адамдардан тұрады. Сондықтан да мен үкіметте жемқорлық жоқ екенін айтамын. Соңғы кездері сіздер үкімет отырыстарында түсірілген монтаждалған файлдардың тарап жатқанын көріп жатырсыздар. Ол жазбалар менің және менің командамның президентті құрметтемейтінін көрсеткісі келеді. Мен бұл қызметке президенттің тапсырмасын орындауға келдім. Ол мен үшін шынайылық пен адамгершіліктің үлгісі. Алайда президенттің сеніміне қандай да бір нұқсан келтірмеу үшін мен отставкаға кетуге өтініш жазып, оны президентке жолдадым", - деп жазды премьер-министр өзінің парақшасында.