ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады:
- 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;
- 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;
- 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады; ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;
- 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады,
- 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.