Дәлелдемелер бойынша тыңдау 7 не 8 қаңтарда болады.
Бұған дейін қымбат қағаздар мен биржа бойынша АҚШ Комиссиясы Telegram Group Inc сотқа жүгінген. Себеп - компания жүргізілген ICO бойынша 1,7 миллиард доллар жинаған. Комиссияның арызы бойынша, компания Gram криптовалютасын лайықты түрде орналастырмаған. Нәтижесінде Американың құнды қағаздар бойынша заңы бұзылған. Комиссия сот Telegram Group Inc және оның бөлімшесі TON Issuer Inc-ке тиісті айыппұл санкцияларын жариялап, қаражатты мемлекет пайдасына өндіруді сұраған.
Ал Telegram өз өнімдеріне айтылған "құнды қағаздар" туралы мәлімдемеге байланысты дау шығарған. Компания реттегіштерді заңды өз бетінше түсіндірген деп айыптап отыр. Сонымен қатар, Telegram кибервалютаға тіркеуге қатысты ешқандай өтініш жазбағанын айтады. Себебі оған заң бойынша да талап болмаған.