Жартысағаттық хабарламада әл-Бағдади ұйым "күші" мен "түрлі фронттардағы" жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар жақтастарын "күштерін нығайтуға" шақырды. Египет, Судан, Ливия, Йемен елдерінің "қатал" билеушілерін сынға алды.
Әл-Бағдади соңғы рет сәуір айында үндеу салған еді.
2018 жылдың тамыз айында БАҚ әл-Бағдади ауыр жарақаттанып, ұйымға басшылық етуден қалғанын мәлімдеді.