USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ғалымдар коронавируспен ауырған науқасты анықтайтын арнайы маска ойлап тапты

  • 13.желтоқсан.2021, 11:01,
  • 139

Жапондықтар таңқалдырудан алдына жан салар емес. 

Егер адам Сovid-19 жұқтырса, онда оның қорғаныс маскасы ультракүлгін сәуленің астында жарқырайды. Мұндай жаңалықты Киото префектура университетінің жапондық ғалымдар тобы ойлап тапты.


Яғни бұл маска COVID-19 бөлшектерімен байланысқа түсе алады. Ал масканың өзі қосымша сүзгіден тұрады. Егер оны шешіп алып үстінен флуоресцентті бояғыш шашатын болса, антиденелер арқылы сovid-19 вирусы ультракүлгін сәуле түрінде жарқырай түседі екен.


Ғалымдар бұл әдісті жасау кезінде түйеқұстарға вирустың белсенді емес түрін енгізді. Нәтижесінде олардың жұмыртқаларынан иммундық жүйені қалыпқа келтіретін антидене ақуызы алынған. Бұдан кейін бұл ақуыздар флуоресцентті спрейге енгізілді.


"Бұл экспериментке 10 күн ішінде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 адам қатысты. Маскаларға антиденелері бар ақуызды сепкен кезде, шамның астында ұстағаннан кейін covid-19 вирусының іздері жарқыраған. Егер науқас сауығып кететін болса, вирустық жүктеме төмендеп, маска ультракүлгін сәуле шығармайды", - дейді өнертапқыш-ғалым Ясухиро Цукамото.


Сынақ әрі қарай жалғасады. Цукамото эксперименттің тағы 150 қатысушысына маска тағуды жоспарлайды. Егер сынақтар сәтті аяқталса, ғалым 2022 жылы қарай Жапония үкіметінен осындай ақылды маскаларды сатуға рұқсат алуға дәмелі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.09.2021
06.11.2020
27.08.2020
09.07.2020
03.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031