USD 515.89
EUR 536.32
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирусқа қатысты жаңа тест ойлап табылды

  • 16.қыркүйек.2021, 12:13,
  • 125

Қытайлық ғалымдар коронавирусқа қарсы антидененің бар-жоғын бес минут ішінде анықтай алатын жаңа диагностикалық жүйені ойлап тапты. Ол икемді органикалық транзисторлар негізінде жасалып, қан немесе сілекей үлгісі негізінде нәтиже шығарады.

Диагностикалық жүйенің құрылымы коронавирустың S-ақуызына ұқсас молекулалармен қапталған икемді алтын электродтары мен органикалық электрохимиялық транзисторлар жиынтығынан тұратыны айтылады. Оларға антиденелер бекітілген кезде транзистордың жұмысы өзгереді, яғни токты басқа жолмен бере бастайды.


Ғалымдар тестке электродтардың қосымша жиынтығын қосып, олар сілекей немесе қан сынамалары арқылы жиілігі жоғары электр импульстарын жібереді. Осының арқасында антиденелер мен коронавирустың S-ақуызы арасындағы реакция жылдамдығы артып, бұл биоматериалдағы массасы 0,15 нанограммнан аспайтын байқалуы өте қиын SARS-CoV-2 антиденелердің іздерін анықтауға мүмкіндік берді.


Бұл тест кез-келген аурудың қоздырғыш антиденелерін де анықтай алатыны айтылады. Ол үшін электродқа антиденелер байланысатын басқа ақуыздар жиынтығын қолдану жеткілікті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.08.2021
29.06.2021
24.05.2021
24.03.2021
17.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031