Сауд Арабиясы 1 қаңтардан бастап Ресейдің «Sputnik V» вакцинасының 2 дозасын салдырған азаматтарға елге кіруге рұқсат берді.
Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясына кіру үшін туристер екпенің екі дозасын да салдыруы тиіс. Сондай-ақ 2 тәулік карантинде болып, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетуі міндеттеледі.
Бұған дейін әлемнің 101 мемлекетінің билігі «Sputnik V» препаратын қабылдаған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берген еді.