USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Садыр Жапаров әділетсіз сайлау туралы пікірін білдірді

  • 15.қараша.2021, 10:24,
  • 181

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сайлауда дауыс сатып алу немесе сату үшін жауапкершілік барын еске салды.

"Құрметті қырғызстандықтар! Сайлауда дауыс сататын және сатып алатын азаматтар жауапқа тартылады. Егер мұндай фактілер анықталса, сіз бір жарым жылдан екі жарым жылға дейін бас бостандығыңыздан айырыласыз. Қылмыстық кодексте осындай бап бар. Демек, сайлаушылар өз дауыстарын сатпауы керек, кандидаттар пара беруге қатыспауы керек. Егер мұндай фактілер анықталса, құқық қорғау органдары қатаң шаралар қолданады. Бұдан былай біз Қырғызстанда адал сайлау дәстүрін енгіземіз. Алдыңғы сайлау тек тарих болып қала берсін", - деп жазды Жапаров өзінің Facebook парақшасында.


Сондай-ақ, президенті өз постына "Елдің проблемасы – кедейлерді тамақтандыра алмайтыны емес, байлардың тоймайтынында" деген афоризм қосып қойды.


Қырғызстандағы сайлау 28 қарашаға белгіленген. Жоғарғы Кеңестің 54 депутаты бірыңғай сайлау округі бойынша пропорционалды жүйемен (саяси партиялар кандидаттарының ашық тізімдері бойынша) сайланады, 36 депутат бір мандатты сайлау округтерінде мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.10.2021
18.06.2021
31.05.2021
16.10.2020
10.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031