USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Михаил Саакашвилидің денсаулығы сыр берді

  • 05.қараша.2021, 13:27,
  • 173

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің адвокаты Ник Гварамия саясаткердің есі нашарлап, адам есімдерін ұмытып қалатынын айтты.

Аштық жариялағаннан кейін Грузияның экс-президентінің жағдайы едәуір нашарлады, есте сақтау қабілеті бұзылды.


"Ол мені таниды, бірақ әңгіме барысында кейбір достарының есімдерін есіне түсіре алмады", – деді қорғаушы Мтавари Архи арнасына.


Бұған дейін Руставия түрмесінде жазасын өтеп жатқан Саакашвилидің денсаулығы нашарлағаны хабарланған болатын. Украинаның Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисова саясаткерден хат алғанын айтты, онда ол аштық жариялаудың 35-ші күнінде алынған анализдердің нәтижелері нашар болғанын хабарлады.


Оның айтуынша, саясаткер 20 келі салмақ жоғалтты, екі сағаттық әңгіме барысында қатты шаршап қалды. Сонымен қатар, Саакашвили балама медициналық комиссия құрылғанға дейін дәрігерлік тексеруден бас тартатынын айтты.


Михаил Саакашвили Грузияда 1 қазанда елге заңсыз кірген кезінде ұсталды. Саясаткер бірнеше жыл бұрын банкир Сандро Гиргвлианидің өлімі туралы іс бойынша сырттай шығарылған үкім бойынша түрмеге қамалды. Сосын Саакашвили түрмеде аштық жариялады.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031