USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

АҚШ Өзбекстандағы сайлау бойынша мәлімдеме жасады

  • 26.қазан.2021, 17:57,
  • 328

АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанда жексенбіде өткен президент сайлауы жөнінде мәлімдеме жариялады.

Құжатта АҚШ "Өзбекстан халқының 24 қазандағы президент сайлауында дауыс беру құқығын жүзеге асырғанын қолдайды" делінген.


Мемлекеттік департамент ЕҚЫҰ адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюро миссиясының бақылаушылары жасаған қорытындымен келісті. Бақылаушылар адам көп жиналған сайлау бейбіт өтті деген. Дей тұрғанмен, АҚШ ЕҚЫҰ миссиясының бірқатар мәселелер бойынша "алаңдағанымен" келіседі, делінген мәлімдемеде.


Мемлекеттік департмент Өзбекстан үкіметінің ЕҚЫҰ бақылаушыларымен әріптес болғанын құптап, олардың сайлауларға қатысты кеңестерін жүзеге асыруға үндеді.


2019 жылғы парламент сайлауынан соң ЕҚЫҰ Өзбекстан билігіне 32 кеңес берген. Өзбекстан соның 18-ін қабылдап, үшеуін жартылай қабылдап, сегіз кеңесті әлі қарастырып жатқанын мәлімдеген.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.10.2021
24.10.2021
19.10.2021
10.08.2021
11.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031