USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Facebook Украина азаматын сотқа берді

  • 24.қазан.2021, 18:12,
  • 171

Facebook әлеуметтік желінің 178 миллион қолданушысының жеке деректерін ұрлады және сатты деп Украин азаматына айып тақты.

Шағым АҚШ-тағы Калифорнияның Солтүстік округінің сотына жолданды.


Онда Александр Солонченконың желіні қолданушылардың жеке деректерін қолды қылғаны айтылады.


Компания өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін ол желіні қолданушылардың аккаунттары мен телефон нөмірлерінің сәйкестендіру деректеріне қол жеткізген. Ол үшін автоматты режимді қосатын арнайы бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, Messenger қосымшасы арқылы желі қолданушыларына сұрау жолдаған.


2021 жылдың мамырында, Facebook-тің хабарлауынша, Солонченко ұрланған осы мәліметтерді салалық онлайн-форумда сатқан. Компания басшылығы сот Солонченконы шығынды өтеуге міндеттеп, компания қызметін пайдалануға тыйым салады деп үміттенеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.08.2021
14.07.2021
06.01.2020
27.11.2019
17.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031