USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресми Кремль тәліптерді "лаңкестік ұйымдар" тізімінен шығаруға ниетті

  • 25.қазан.2021, 10:43,
  • 205

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 21 қазанда "Валдай" халықаралық клубының отырысында сөйлеген сөзінде "Талибанды" (Қазақстан, Ресей Федерациясы және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) террористік ұйымдар тізімінен шығару мүмкін екенін айтты. Ол Мәскеудің ұстанымы "дәл осы бағытта қозғалуы тиіс" деп атап өтті.

ТАСС жазғандай, Ресей Федерациясы президентінің бұл мәлімдемесіне Ауғанстан уақытша үкіметінің СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи жауап берді.


"Ауғанстан Ислам Әмірлігінің" Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің АИӘ басшыларының есімдерін қара тізімнен алып тастау туралы айтқан сөздерін құптайды", – деді ол.


Соғыс аяқталғандықтан әлем елдері Ауғанстанға деген көзқарастарына оң өзгерістер енгізуі керек. Біз өзара түсіністік қағидаты негізінде халықаралық қоғамдастықпен жақсы қарым-қатынасқа ұмтыламыз, деп қойды ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2021
19.08.2021
16.08.2021
22.07.2020
17.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031